ГЛОССАРИЙ
Конденсациялық электр станциясы (КЭС) – электр энергиясын өндіретін станция.
Жылу электр орталығы (ЖЭО) – тұтынушыларға бір мезгілде электр энергия мен жылуды бірге өндіретін станция.
Булы газды электр станция - бу мен газ турбинасынан тұратын
жылу электр станциясы.Атом электр станциясы (АЭС)
- атом (ядро) энергиясын - электр энергиясына айналдыратын станция.Криоагент - криогенді қондырғыда қолданатын шикізат.
Хладагент - тоңазытқышта қолданатын жұмыс шикізаты.
Суық тасымалдағыш - салқындатылатын нысаннан қондырғының жұмыс нысандарына жылуды тасымалдайтын сұйық зат.
Көпсатылы турбина - бірнеше қозғалмалы және қозғалмайтын қалақшалары бар турбина.
Жылу техникалық жүйе – жылу техникалық үрдіс жүрісін қамтамасыз ететін, жылу техникалық қондырғы мен оның технологиялық, жылутехникалық, энергетикалық, көліктік, реттеуші және т.б. жұмыстарын атқаратын қосалқы бөлшектер жиынтығы.
Синхронды машина – айнымалы то
қты электр машинасы.Бу генераторы – бу турбинасы арқылы қозғалысқа келетін генератор
.Гидрогенератор – гидравликалық турбина жұмысынан электр энергиясын өңдеуге арналған анық полюсті синхронды генератор.
Синхронды теңестіргіш– білікке ешқандай салмақ түсірмей жұмыс істейтін реактивті қуат өңдеу үшін арналған синхронды қозғалтқыш.
Қос қоректендіру машинасы – әр түрлі жиліктегі тоқ статорының және ротор орамасының қоректендіргіші бар синхронды машина.
Соққы генераторы – қысқа тұйықталу тәртібінде қысқа жұмыс үшін арналған синхронды генератор.
Генератордың номиналдық толық қуаты – осы генераторда өтетін кернеу мен номиналдық тоқтың шамасына сәйкес алынған қуат.
Генератордың номиналды активті қуаты - турбинамен қатар жұмыс істейтін генератордағы ең үлкен мөлшердегі активтік қуат.
Жылу алмасу аппараты - жылытатын және жылынатын орта арасында жылуды алмастыратын құрал.
Отын - белгілі бір түрлену үрдісінен өткенде, техникалық тұрғыдан қолдануға болатын энергия беретін зат.